Жамбыл облысында 2,5 метрлік бомба табылды.Салмағы 500 келіні құрайтын снаряд 1962 жылы шығарылған. Саперлер 2,5 метрлік «ФАБ 500м-62» авиациялық бомба екенін, оның кез-келген минутта 200 метрге дейін жарылу қауіпі бар екендігін айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Жарылғыш зат туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасына Байзақ ауданы Түймекент ауылының тұрғын жазған.
Баспасөз қызметінің қызметкерлері хабарламаға дереу жауап беріп, Байзақ ауданы полиция бөліміндегі әріптестеріне тапсырды.
Оқиға орнына жедел жеткен Полиция департаментінің саперлері, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бомбаны залалсыздандыру үшін арнайы әскери полигонға алып кетті.
Ал қауіпті әскери құрал туралы хабарлаған ер адам марапаттауға ұсынылды.
Салмағы 500 келіні құрайтын снаряд 1962 жылы шығарылған. Саперлер 2,5 метрлік «ФАБ 500м-62» авиациялық бомба екенін, оның кез-келген минутта 200 метрге дейін жарылу қауіпі бар екендігін айтты.