Жамбыл аудандық орталық емханасының эпидемиолог дәрігері Сәкен Сандыбаевтың айтуынша, өңірге «Pfizer» екпесінің 18990 дозасы жеткізілсе, оның 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге бірінші компонентінің 7781 дозасы, екінші компонентінің 5945 дозасы егілген , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Ал бала емізетін аналардың 1195-і бірінші компонентті, 917 екінші компонентті салдырған. Жүкті әйелдердің 432-сі бірінші компонентті, 325-і екінші компонентті қабылдаса, ревакцинациядан 260 ана өткен.
Сонымен қатар 60 жастан асқан азаматтардың 647-і «Pfizer» вакцинасын ектірген.
Екпе ектіру жұмыстары Жамбыл ауданына қарасты 17 ауылдық округіндегі емдеу орталықтарында жүзеге асырылуда.