Таразда төрт адамды қаңғыбас ит қапты

0 46

Таразда төрт адамды қаңғыбас ит қапты. Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің фейсбук желісіндегі парақшасында ақпарат берілді.

«Бүгін сағат 08.00-09.00 аралығында 12 мөлтек ауданда орналасқан қалалық көпбейінді ауруханаға ит қауып алу салдарынан 4 адам (3 ер, 1 әйел азаматша) зардап шегіп, «жарақат пунктіне» жүгінді. Сондай-ақ Төле би мен Желтоқсан көшесінде қоңыр түсті қаңғыбас ит адамдарға шабуыл жасаған. Кейін ұстатпай қашып кеткен.

Осыған орай, қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін ит асыраушы азаматтар өз иттерін қоғамдық жерлерде қараусыз қалдырмауға шақырамыз. Тұрғындар да иесіз, панасыз жануарды көргенде одан алыстау өтуді ескереміз.

Бүгінгі таңда қала аумағында қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары әлі де жалғасуда, — делінген хабарламада. Әлеуметтік желіде қала аумағында қаңғыбас иттердің көбейіп кеткендігі туралы бұған дейін де жазылған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.