Жамбыл облысының дәрігерлері болашақ аналардың, ауыл тұрғындарының ультрадыбыстық зерттеу әдістемесін енгізді. Былтыр аймақта сараптамалық кластағы ультрадыбыстық зерттеу аппараттарының арсеналы 6 бірлікке кеңейген. Төрт аппарат Меркі, Талас, Қордай және Жуалы аудандық орталық ауруханаларына орнатылған. Екі аппарат — Тараздағы облыстық перинаталдық орталықта , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, «VOLUSON S10 ультрадыбыстық аппараты жоғары класстағы керек-жарақтармен (Оңтүстік Кореяда өндірілген) сапалы диагностикалауды, оның ішінде патология дамуын ерте анықтауды жүзеге асырады. Нәтижесінде нақты диагностика емдеу процесін бақылау, инновациялық технологияларды енгізу және ең күрделі клиникалық жағдайларды шешу мүмкіндігімен емдеудің уақтылы тактикасына әкеледі.
«Мұндай УДЗ-диагностика аппараттарын облыс аудандарында орнатудамыз. Бұл диагностиканың қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, енді жүкті әйелдерге тексеру жүргізу үшін облыс орталығына барудың қажеті жоқ. Ең бастысы – дер кезінде патологияны анықтау және ауыл тұрғындарын тексерудің жоғары сапасын алу мүмкіндігі пайда болды. Өйткені, жүкті әйелдер ұрықтың патологиясын анықтауға және уақтылы емдеуге ерекше назар аударуды қажет етеді», — деді Әсет Әскерұлы.
Ол Меркі аудандық орталық ауруханасына орнатылған аппаратты Меркі ауданының тұрғындары да, Рысқұлов ауданының тұрғындары да пайдалана алатынын атап өтті. Сол сияқты Таластағы аппарат Талас ауданының да, Сарысу ауданының да тұрғындарын қабылдайтын болады. Жуалы аудандық орталық ауруханасына орнатылған аппаратпен бірге Жамбыл облысының он ауданының сегізінің тұрғындарын қабылдауға болады.