Жамбылдық полицейлер басқа адамның атынан 2 млн теңге несие рәсімдеген күдіктіні ұстады

0 14

Жамбылдық полицейлер басқа адамның атынан 2 млн теңге несие рәсімдеген күдіктіні ұстады , деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің атына Тараз қаласының 41 жастағы тұрғынынан полиция қызметкерлеріне алғыс білдірген хат келіп түсті. Хатта ол Тараз қалалық Полиция басқармасының 1-полиция бөлімінің қызметкерлеріне оның атынан несие рәсімдеген күдіктіні анықтап, құрықтағаны үшін алғыс білдірген.

Анықталғандай, белгісіз азамат алаяқтық жолмен әйелдің атына 2 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген.

 

Азаматша: — «Менің арызымнан соң 1-полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқты жедел түрде тауып, ұстап әкелді. Маған келтірілген шығынды толығымен өтеп бергізді», — деп жазған.

Ол полиция қызметкерлеріне денсаулық, отбасыларына амандық және қызметтеріне табыс тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.