Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алтай Сауруковтың айтуынша, айтуынша, өңірге «Pfizer» екпесінің 21540 дозасы жеткізілсе, оның 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге бірінші компонентінің 7874 дозасы, екінші компонентінің 7492 дозасы егілген , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Ал бала емізетін аналардың 1206-сы бірінші компонентті, 1019 екінші компонентті салдырған. Жүкті әйелдердің 441-і бірінші компонентті, 370-і екінші компонентті қабылдаса, ревакцинациядан 313 ана өткен.
Сонымен қатар 60 жастан асқан азаматтардың 743-і «Pfizer» вакцинасын ектірген.
Екпе ектіру жұмыстары Жамбыл ауданына қарасты 17 ауылдық округіндегі емдеу орталықтарында жүзеге асырылуда.
Ал, коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында «Pfizer» екпесінен бөлек, «QazCovid-In», «СпутникV», «Sinopharm» екпелері қолданылуда.
Айталық, бірінші компонентті 39479 азамат ектірсе, екінші компонентті 38063 азамат қабылдаған. Ал ревакцинациядан 22504 азамат өткен.