№7 қалалық емханасында «Буккроссинг» бұрышы ашылды

0 27

Тараз қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Қант зауыты» аумағында тұратын тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып,  қазақ әдебиетінің інжу-маржандарын қолжетімді ету мақсатында №7 қалалық емханасында «Буккроссинг» бұрышын ашты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Бұл — кітапқа жаны құмар жандар үшін қажет дүние. Букроссинг жобасы — оқырманды көбейтіп, таным көкжиегін кеңейтуге, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыруға бағытталған. Әсіресе, мұндай іс-шара өскелең ұрпақты тәрбиелеуде үлкен маңызға ие. Кітап оқу, кітаппен дос болу рухани кемелдікке ұмтылудың алғашқы қадамы. Кітап – ол мәңгілік қалатын дүние. Ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғасады.

Емханадағы кітап сөресі келушілердің әдебиет оқуға ғана баулымай,  адам бойындағы жауапкершілік,  адалдық,  тазалық сынды қасиеттерді де қалыптастыра түсері сөзсіз.  Кез-келген қала тұрғыны сөредегі қызықтырған әдебиетті оқуға алып, қайта орнына әкелсе болды. Сондай-ақ,  үйіндегі оқылған әдебиеттерін буккроссинг бұрышына сыйға да қалдыра алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.