Шу ауданына ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашукеев пен облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров іс-сапарымен келіп, осы саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
іс-сапар «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында салынып жатқан қант зауытының құрылыс жұмысымен танысудан басталды. Аталмыш зауыттың құрылысы 2023 жылы толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Бұдан әрі Ескі Шу ауылдық округіндегі «Шыған» шаруа қожалығында болып, көктемгі дала жұмыстарының барысын көзбен көрді.
Сонымен бірге «QYZYLSHA» ЖШС-нің егістік алқабына ат басын бұрып ондағы жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйесінің соңғы үлгідегі технологиясымен танысты.