Жасанды чекпен дүкендерді 1,5 миллион теңгеге алдаған

0 19

Жасанды чекпен дүкендерді 1,5 миллион теңгеге алдаған. Оқиға Шу қаласында болған. 26 жастағы азамат жалған чек көрсету арқылы бірнеше дүкенді алдап кеткен.

Келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құраған. Ол бірнеше ай бойы сатушыларға ақша аударымы туралы жалған чек көрсетіп келген. Жасанды чек әзірлеу үшін күдікті мобильді қосымшаны пайдаланған.

Қазір 26 жастағы күдікті қамауға алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.