Облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылдауға жазылған азаматтардың талап-тілегі мен мәселелері әр-түрлі. Олардың қатарында тұрғын үй, жер, абаттандыруға қатысты мәселелер болды. Сондай-ақ, өңірде ауқымды өнер шараларын өткізу, Тараз қаласында драма театрдың жаңа ғимаратын салу, Мемлекеттік ту авторы Шәкен Ниязбековтің есімін мектепке беру секілді ұсыныстар да айтылды
.Азаматтарды мұқият тыңдаған облыс әкімі барлық мәселелер назарға алынып, заң аясында реттелетінін, қарастырылатынын жеткізді. Бірқатар өтініштер бойынша жан-жақты қарастыру жұмыстарын жүргізу үшін Тараз қаласы, Жамбыл ауданы және тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.