Жуалы ауданында ең белсенді дауыс берушілер таңсәріден келіп өз болашағына байланысты таңдау жасауда. Солардың бірі — референдум учаскесіне келген Дәулетжан Байдалиев.
Ол алғашқылардың бірі болып, таң сәріден Ата Заңға қатысты өз даусын беріп, Референдумға арнау арнап, жырдан шашу шашты.
Ал Ақсай ауылдық округіндегі #198 Референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген Шымкентбаев Кеңес ақсақал өз таңдауын жасады.
Сонымен қатар #192 Референдум учаскесінде ең жас дауыс беруші болып 18 жастағы Динара Айтбаева тіркелді.
Жалпы аудан бойынша 39 референдум учаскелерінде 29 290 дауыс берушілер саны тіркелген. Қазіргі таңда барлық учаскелер өз жұмысын таңғы сағат 7:00 де бастады. Референдум бойынша таңдау жасау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.