Таразда ұсталған 19 жастағы жалған полицей 20 тәулікке қамалуы мүмкін

0 21

Таразда жалған полицей ұсталды, —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тұрар Рысқұлов атындағы саябақтың аумағын патрульдеу кезінде Тараз қаласының полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің қызметкерлері полиция киіміндегі күдікті жас жігітті байқады.

Саябақта серуендеп жүрген жігіт полиция қызметкерлерін көргенде сасып қалған.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары жалған полицейдің 19 жаста екенін және оның Түркістан облысының тұрғыны екенін анықтады.

Ұсталған азамат осындай қылмысы үшін 2022 жылдың сәуір айында Шымкент қаласында сотты болған. Ол кезде жас жігіт ТЖД қызметкерінің формасын киген екен. Оның мұндай қадамға қандай мақсатпен барғанын тергеу анықтайды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 390-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Осы баптың санкциясы сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.