«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы хабарландыру

0 7

«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы
№ 167-р қаулысымен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасының 82 тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.

Конкурсты өткізу кезеңі: 2022 жылдың маусым-қазан айлары. Конкурсқа құжаттар 2022 жылдың 10 маусымынан бастап 30 маусымына (қоса есептегенде) дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында үш жылдан кем емес өтілі бар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылығы үшін алынбаған тәртіптік жазалары жоқ, сондай-ақ соңғы 1 жылда қоғамда теріс пікір тударатын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, 2021 жылға «Б» корпусының
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау қорытындысы «тиімдіден» төмен емес  бағаланған кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне жол беріледі.

Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаментінің және облыс Әкімдігінің ресми сайтына орналастырылған  (Әдістемелік ұсыным сілтемесі).

Конкурс құжаттарын   ags_438809@mail.ru   эл. поштасына жолдаңыз.

Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша   43-88-09, 438824 тел. нөмірлеріне хабарласуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.