Жамбылдағы қанттың қоры 209 тоннаға жуықтайды

0 13

Жамбыл облысының қантқа айлық қажеттілігі  1 800 тоннаны құрайды, оның ішінде 1 600 тонна облыс халқының, 200 тонна кәсіпорындардың қажеттілігі саналады. Бүгінгі күнде құмшекердің барлық қоры — 208,9 тонна. Атап айтқанда, тұрақтандыру қорында 70 тонна, қоймаларда 58,2 тонна, сауда объектілерінде 80,7 тонна бар.  Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде аймақтағы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр  Сейсебаев айтты , —  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Ол қосымша 1 000 тонна қантты 450-485 теңгеге сатып алу шешімі қабылданып, конкурс жарияланғанын жеткізді.

«Қазіргі кезде арнайы құрылған жұмыс топтары апта сайынғы негізде сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізуде. Сонымен қатар жуық арада Үндістан мемлекетінен квота арқылы 800 тонна ақ қант келеді. Оның бағасы 600 теңге шамасында болады», — деді спикер.

Аспандияр Мұраталыұлы өңірде сауда үстемесін бақылау тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сауда үстемақысы бойынша облыста 5 сауда нүктесіне хаттамалық ескерту берілген. Сонымен қатар, сауда орындарына делдалсыз тікелей отандық тауар өндірушілермен келісім шарт түзу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ретте Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жататын 8 тауар түріне 86 сауда орынына келісім шарт жасалынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.