Ақтауда қалалық аурухана перзентханасында дүниеге келген ұл балаға ата-анасы ерекше есім берді – республикалық референдум құрметіне Ата-Заң деп атады.
Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы жақсы. Ата-ана бұл есімді Конституцияға құрметтің белгісі ретінде және елде өтіп жатқан республикалық референдумның естелігі ретінде таңдағандарын айтты.
Соңғы жылдары Қазақстанда маңызды оқиғалар мен құндылықтарды бейнелейтін ерекше есімдер жиі қойылып жүр. Әсіресе тарихи мәні бар шешімдер қабылданатын немесе жалпыхалықтық дауыс беру өтетін күндері мұндай үрдіс айрықша байқалады.
Еске сала кетсек, бүгін Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр. Онда ел азаматтары конституциялық өзгерістерге қатысты өз пікірін білдіре алады.
Дауыс беру учаскелері Астана уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады.
Айта кетелік Ақтауда #NauryzSale акциясы аясында жәрмеңкелер өтіп жатыр.