Жамбылда жыл басынан 83 қылмыстық іс тоқтатылған

0 6

Биылдыққа Жамбыл облысы соттарына 991 қылмыстық іс түсті, бұл 2021 жылдың 6 айымен салыстырғанда 191 іске аз. Оның ішінде үкім шығарумен 827 тұлғаға қатысты 669 қылмыстық іс қаралды. Есептік кезеңде 106 тұлғаға қатысты 83 қылмыстық іс тоқтатылды. Жыл басынан бері барлығы 809 азамат сотталды, оның ішінде 337 тұрғын нақты бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абидов Нұрмұхаммат мәлімдеді — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Ол осы уақытта 69 қылмысты шартты түрде сотталғанын атап өтті, бас бостандығынан айырудан басқа жазаның өзге түрлеріне 377 азамат кесіле, рақымшылық бойынша жазадан 26 тұлға босатылған.
«Барлығы 18 күдікті ақталды. Алқабилердің қатысуымен 3 азаматқа қатысты 3 іс қаралды. Биыл келісімдік іс жүргізуде 21 тұлғаға қатысты 2 қылмыстық іс қаралды. 291 тұлғаға қатысты 257 қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен қаралды. 5 қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды», — деді спикер.
Сот алқасының төрағасы 8 қылмыстыға қатысты 5 үкім апелляциялық тәртіппен жойылғанын жеткізді. 50 тұлғаға қатысты 38 үкім өзгерген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.