Сауда үстемеақы талабын сақтамаған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылуда

0 14

Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19 түрі бойынша 15 пайыздық сауда үстемеақы талабын сақтамаған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылуда.

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау аясында Жамбыл облысының әкімі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4 бабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша 15 пайыздық үстемеақының сақталуына тұрақты түрде мониторинг жүргізуді міндеттеп отыр.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпараты бойынша, азық-түлік тауарларына сауда үстемеақысын 15 пайыздан асырған 19 сауда нүктесіне ескерту берілген.

ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабын қайталап бұзған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 75, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу көзделген.

Айта кетейік, Жамбыл ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша үстемеақы талабын қайталап бүзу фактісі анықталған кейін «Достар» сауда нүктесінің иесіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.