Қордай ауданында 7 ірі инвестициялық жоба жүзеге асуда

0 18

Қордай ауданында Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 857 млрд. 322,2 млн. теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асуда.

Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 760, ал іске қосылу кезеңінде 1366 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда, — деген баяндамашы әр жобаға жекелей тоқталып өтті. Олардың қатарында тау-кен металургиялық комбинатының құрылысы және құрамында алтыны бар кенді игеру жұмыстарын бастаған «MONTERRА QASAQSTAN» ЖШС бар. Ноғайбай ауылы маңында орналасқан комбинат 2014-2026 жылдар аралығында құны 832 млрд. теңге болатын, қуаттылығы жылына 5100 кг. алтын өндіруді көздеп отыр. Қазіргі таңда, технико-экономикалық негіздеме және жобалық сметалық құжаттамалар дайындау жұмыстары жүргізілуде екен. Сонымен қатар, тағы бір үлкен жобаны «Шоқпар-Гагаринское» ЖШС қолға алған. Бетқайнар ауылдық округіне қарасты Соғанды ауылы жанынан орын тепкен комбинат жылына 1000 кг. алтын өндіруді қолға алып отыр. Іске асыру мерзімі 2021-2024 жылдар аралығы. Сол аралықта 400 жұмыс орны ашылу жоспарлануда.
Келесі жобаны «Туран Металс» ЖШС қолға алған. «Қордай ауданында құрамында алтын бар кенді бастапқы қайта өңдеу бойынша өндірістік кешен салу» бойынша жұмыстар Отар ауылдық округінде орын тепкен. Іске асыру мерзімі 2021-2027 жылдар, жоба құны 440 млн. теңге, 45 жаңа жұмыс орындар ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, «АЛТАЙ ГОЛД» ЖШС «Флюорит өңдеу зауытын салу» жобасын қолға алған. Отар ауылдық округіндегі Бел ауылының төңірегінде орналасқан. Іске асыру мерзімі 2021-2025 жылдар аралығы, жоба құны 3,5 млрд. теңге. 100 жаңа жұмыс орындар ашу жоспарлануда. Ал, Қордай ауылы маңынан орын тепкен «Қордай Корм» АӨК «Өндірісті кеңейтуге, балықтарға арналған құрама-жем өндіретін жаңа қондырғы енгізу» жобасын бастаған. Құны 40,7 млн. теңге, қуаттылығы жылына 100 тонна өнім өндіру, іске асыру мерзімі 2021-2022 жылдар. Қазіргі таңда қажетті қондырғылар жеткізіліп, оны техникалық реттеу жұмыстарын жүргізіп, өнімнің сынақ партиясын шығарып үлгерген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.