Мерзімді әскерге шақыру жұмысы пысықталды

0 24

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары – облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Нұржан Календеровтың басшылығымен 2022 жылдың көктемінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың қорытындылары және күзгі шақырудың міндеттері жөнінде кеңес өтті. 

Жиында айтылған басты мәселе Шекара қызметі бөлімдеріне командаларды шақыру және жөнелтуді бастау.

Жалпы күзгі әскери шақырылым қыркүйек айынан желтоқсанға дейін жүргізіледі деп жоспарланған.

Еске сала кетсек, әскери борышын өтеуге аттанатын азаматтар алдымен медициналық тексеруден яғни денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өткеннен кейін әскери бөлімдерге жөнелтіледі. Осы кезеңде әскерге шақырту алғандар айтылған мерзімде және уақытында шақыру пункттеріне келуге тиіс.

Өз кезегінде Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы, полковник                   Н Зейнелов медициналық және шақыру комиссияларының жұмысындағы кемшіліктерге, әскерге шақырылатын жастардың әскери-патриоттық тәрбиесінің жай-күйіне  жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.