Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік — тұғырым» жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті.
Мүшәйра мақсаты ел Тәуелсіздігін, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын жырға қосу, өлеңмен өрнектеу, сол арқылы қазақ поэзиясының дамуына үлес қосу және облыстың жас ақындарына қолдау көрсету, ынталандыру ,-деп жазады . Жыр бәйгесіне аудандар мен Тараз қаласынан 11 ақын қатысты.
Мүшәйраға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Асанов Қайырбек, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар сыйлығының иегері Әлімбекова Ғаини, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Битенова Үміт, «Ақ жол» газетінің бас редакторы, ақын Есаман Хамит, «Арай» жастар газетінің тілшісі Қарасаева Қамар қазылық жасап, жас ақындардың шығармаларын талдады.
Бас жүлдемен тараздық Н.Қадірәлі марапатталса, І орынды Байзақ ауданынан А.Абдикаримова, ІІ орынды Тараз қаласынан Қ.Шахабай, ІІІ орынды Жамбыл ауданынан А.Батей мен шулық С.Кендебай иеленді. Ал «Ұлт ұстазы – Ахмет» номинациясы Боранбек Елдарға бұйырды.