Жамбыл облысының құтқарушылары тәулік бойы 15 рет өрт және ТЖ оқиғаларының алдын алды

0 36

2022 жылдың 13 қыркүйегінде сағат 14.14-те Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» телефон нөміріне Шу ауданы, Б. Шолақ ауылындағы тұрғынүйдің ауласындағы бастырманың өртке оранғандығы жөнінде хабарлама түскен.

Оқиға орнына №19 өрт сөндіру бөлімінен 1 өрт сөндіру автокөлігі мен 3 адам жеке құрам шығып, жедел түрде өрт сөндіру жұмыстарын жүргізген. Өрттің ауданы 40 шаршы метрді құраған. Кәсіби тұрғыдан ширақ қимылдаған өрт сөндірушілер қызыл жалынның одан әрі тұрғынүй мен көрші үйлерге таралуының алдын алып, өртті жарты сағаттан астам уақытта жойды. Алайда, өрт салдарынан бастырма жойылды.

Сондай-ақ, дәл осы күні сағат 16.40-та Тараз қаласы, «Төрткөл» иініндегі тұрғынүйдің өртке оранғандығы жөнінде шақырту келіп түскен. Оқиға орнына Тараз қаласынан 4 өрт сөндіру автокөлігі мен 17 адам жеке құрам шығып, жедел түрде өрт сөндіру жұмыстарымен айналысқан. Өрттің ауданы 100 шаршы метрді құраған. Өрт сөндірушілер өртті 1 сағаттан астам уақытта жойды. Алайда, өрт салдарынан үйдің шатыры, тұрмыстық заттар жойылып, жатын бөлмелер зақымдалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.