Таразда жаңа туылған сәбиге күрделі ота жасалды

0 6
Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық орталығында дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі операция жасады. Қазіргі уақытта ол операциядан кейінгі емдеуден өтуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Бала Қордай аудандық орталық ауруханасында 36 апта және салмағы 2600,0 гр мерзімінен бұрын босанудан дүниеге келген.
Сәби ауруының алғашқы белгілері оның өмірінің екінші күнінде, орташа ісіну түрінде байқалды. Гидроцеле диагнозы алдын-ала қойылғанымен, ауруханаға келерден бір күн бұрын нәрестеде мазасыздық, кебулер, скротальды ісіну байқалған. Тексеруден соң, жедел скротальды синдром диагнозы қойылып, оған шұғыл көмектер жасала бастайды. Дәрігерлер консилиумынан кейін, бала Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық блогына ауыстырылады.
Алғашында жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Тексеру кезінде ішінің ісінгендігі, пальпация кезінде ауыратындығы анықталды. Қарау барысында шолу рентгенограммасында іш қуысында бос ауа байқалды. Дәрігерлер нәрестеге шұғыл операция жасайды.
Хирургиялық араласуды лапаротомия жолымен жоғары санатты білікті балалар эндоскопист-хирургі Нұртуған Әлқуатов жүргізді. Іш қуысын тексеру кезінде асқазанның перфорациясы анықталды. Ақау тігілді. Н. Айтуғанұлы хабарлағандай, некротикалық энтероколит жатырда жүргізіліп, кейіннен асқазанның перфорациясына әкелінген. Сәтті жасалған отадан соң, бала дәрігерлердің үздіксіз бақылауына алынды. Бүгінде ем түрлері дәрігерлер Лора Асанова мен Шавкат Құдайбергеновтың бақылауымен жалғастырылуда. Алғашында кішкентай пациент толық парентеральды тамақтануда болған, бірақ операциядан кейін бір аптадан кейін ол энтеральды тамақтандыруға ауыстырылды, тамақ сіңіп жатыр, динамикасы оң. Жалпы, бала жаңадан туылғандықтан, мұндай хирургиялық араласулар әрдайым үлкен қиындықтармен бірге жүреді.
Алайда, жоғары білікті мамандардың және перинаталдық орталықтың жоғары деңгейдегі жабдықталуы — операцияның сәтті өтуіне маңызды рөл атқарды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.