Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданына қарасты Отар және Кенен ауылдық округтерінің тұрғындарының өтніш-тілектерін тыңдады. Жиынға облыстық құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Отар ауылдық округінде 11544 адам тұрады. 7 ауыл тұрғыны 1,2 млн теңгеге өтеусіз грант алса, «Арыстан», «Мұзбел» шаруа қожалықтарына мал шаруашылығы бойынша субсидия төленген.
Отарлықтардың басым бөлігі аймақ басшысына жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі, жедел жәрдем көлігінің жұмысы, мектеп сыныптарының жөндеу жұмыстары туралы өтініштерін жеткізді. Дәл осындай кездесу Кенен ауылдық округінде де өтті.
Тұрғындар дәрігерлік амбулаторияны, жолдарды жөндеу, жануарларға арналған жерүсті өткелдерін салу сияқты бірқатар түйткілді мәселелерді көтерді.