Тағы бір адамның денесі табылды — Жаңаөзенде жарылыстан қаза болғандар саны 4-ке жетті

0 23

Жаңаөзенде газ жарылған үйден 11:45-те үйінділердің астынан әйел адамның денесі шығарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

«11:45-те үйінді астынан әйелдің денесі шығарылды. Осылайша, қазіргі кездегі жағдай бойынша үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 4 адамның денесі алып шағарылды. 6 адам ауруханаға жатқызылды» делінген хабарламада.

Үйінділерді аршу жұмысы жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бүған дейін апат кезінде қаза болғандар саны 3 адамға жеткенін жазған едік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.