30 сәуірде әкімдер сайлауы өтеді

0 28

30 сәуірде Жамбыл облысында 4 ауылдық округ пен Шу қаласында әкімдер сайлауы өтеді,-деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында
«Біз саяси үдерісті демократияландырып, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейте береміз. Бәріміз мына бір өте маңызды нәрсені түсінуіміз керек. Қазақстан – осы геосаяси аймақта түбегейлі реформа жүргізіп жатқан бірден-бір ел. Кейбір адамдар, солардың ішінде саясаткерлер де бар, осындай реформалар Қазақстанға қауіп төндіруі мүмкін деп айтады. Бірақ мен осы өзгерістердің барлығы, ең алдымен, ел болашағы үшін ауадай қажет деп ойлаймын,-деген болатын. Осыған байланысты сәуір айында Жамбыл облысында да әкімдер сайлауы өтеді. Қазір Қордайдағы Сарыбұлақ, Масаншы,Сарысу ауданындағы Жайылма, Шу ауданындағы Жаңақоғам ауылдық округтерден кандидаттар тіркелсе, Шу қаласы бойынша 4 үміткердің тіркелгені белгілі болды. Сайлаушылар ауданда белгіленген 10 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасайды.

Айта кету керек, Президен Қасым-Жомарт Тоқаев биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтетіндігін айтқан болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.