Биылғы жылдан бастап соңғы оқу күні 31 мамыр болады

0 16

Барлық мектептерде оқу жылының ұзақтығы 36 аптаны құрайды. Бәрімізге белгілі, дәстүр бойынша оқу жылының бірінші күні 1-қыркүйек болып табылса, биылғы жылдан бастап соңғы оқу күні 31 мамыр болады.   Аталған мәліметті Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасының басшысы Мейірхан Азатұлы  айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Бұл ретте өзгерістер жазғы демалысқа әсер етпейтінін түсіну маңызды. Яғни балалар 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында демалады.

31 мамырда биылғы оқу жылының соңғы сабағы өтеді. Бұл күні барлық мектептер бекітілген кестеге сәйкес өз сабақтарын жүргізеді. Сабақ соңында әрбір сынып жетекшісі сынып сағатын өткізеді. Сынып сағаттарының сценарийлерін мұғалімдер әр сыныптың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше әзірлейді.

Жалпы облыстағы 574 мектепке дейінгі, 492 орта білім беру, 44 техникалық және кәсіптік білім ошақтары биылғы оқу жылын аяқтауға әзірлік үстінде.
Білім мекемелерінде биылғы оқу жылында 400 мыңнан астам оқушылар, студенттер мен тәрбиеленушілер білім, тәрбие алды.
Осы тұста айтып өтуіміз қажет, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі №88 бұйрығына сәйкес 2022-2023 оқу жылы ұйымдасқан түрде осы жылдың 31 мамырында аяқталады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.