Жайылымдардың жай күйін АGROSPACE платформасы арқылы бақылауға болады

0 19

Алдағы уақытта мемлекетке қайтарылған жерлердің ашық және әділ бөлінуін бақылау үшін АGROSPACE (аргоспейс) ауыл шаруашылығы өндірушілерінің платформасы құрылатын болады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтты.

Мемлекет басшысының Жолдауында ауылшаруашылығы салсын реформалаудың бір тетігі- салаға цифрлық технологияларды енгізу болатын. Аталған тапсырманың бір бөлігі-жайылымдық жерлердің жай күйін орталықтандырылған жүйе арқылы бақылау. AGROSPACE жеке кабинет негізінде жайылымдардың жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді.

-Жер пайдаланушылар платформаны пайдалана отырып, ауыспалы егіс деректерін бақылай алады, есептеулер жүргізе алады және субсидиялар ала алады, өрістердің жай-күйін бағалай алады және сақтандыру жағдайларын тіркей алады.

Келесі жылдан бастап шаруалар жерлерінің ресми құжаты болған кезде ғана мемлекеттік қолдау алуға өтінім бере алады-деді Қанатбек Мәдібек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.