«AMANAT» партиясы жыл сайын «Баланы мектепке даярлайық!» акциясын өткізеді

0 18
«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында жыл сайын «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы өткізіледі.
Осыған байланысты «АМАNAT» партиясының мүшелері «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында бүлдіршіндерді мектепке даярлауды жалғастыруда.
«Бұл акция партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында бүкіл ел аумағында өткізілуде.
Басты мақсат – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға балаларын жаңа оқу жылына даярлауға көмектесу.
Бүгін, акция шеңберінде «АМАNAT» партиясы Тараз қалалық филиалы «Таразкоммуналкөлік» бастауыш партия ұйымы тарапынан оқу құралдары табыс етілді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.