Конституция күніне орай Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал ауылдық округінде 180 орынға арналған ауылдық мәдениет үйі ашылды.
Аталған мәдени нысан «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының аясында бой көтерген.
Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Жорабек Баубеков тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін арнады.
— Биыл ауданымызда бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Солардың бірі міне, бүгін, мереке қарсаңында ел игілігіне беріліп отыр. Бұл мемлекет тарапынан ауылды көркейтуге, ауыл балаларының өнерін дамытуға деген үлкен қолдауы деп білемін. Осы мәдениет ошағынан еліміздің атын әлемге әйгілі ететін өнер азаматтары шығады деп сенемін, – деді Баубеков Жорабек
Ауыл ақсақалы Әшір Ибақов пен тұрғындардың ризашылығын жеткізді.
Мерекелік шара ауыл өнерпаздарының көнцерттік бағдарламасымен жалғасты.
Айта кету керек, мәдениет үйінде қазіргі уақытта домбыра, көркемсөз және вакал үйірмелері жұмыс істейді. Сондай-ақ, 5 штаттық бірлікпен қызметкерлер жұмысқа алынған.