Асар-ел бірлігі

0 21

Ежелден елдік мұратты, ұлттық құндылықты ерекше дәріптеген халқымызда ғасырлар бойы кісіліктің көркем үлгілері қалыптасқан. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында.

Төл тарихымыздағы маңызды күні Мойынқұм ауданындағы Құмөзек ауылында «Асарлатып үй салу» жобасымен салынған тұрғын үйдің кілті тапсырылды.

Аудан басшысы Ә.Балқыбеков ұлттық мереке — Республика күнімен құттықтап, үй иесіне ізгі тілектерін жеткізді.

Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Нұртас Саурықов, ауыл ақсақалы Дүйсен Құрманқұловтармен бірге Асарлатып салынған үйдің лентасын қиып, кілтін үй иесі М.Донгуловқа табыс етті. Өз тарапынан
Іс-шара барысында Дүйсен қария ақ батасын берсе, ауыл әжелері шашу шашты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.