Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды

0 30

Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды

Республикалық маңызы бар автожолдар жабылды.

Ауа-райының күрт нашарлауына (температураның төмендеуі, қарлы боран, көрудің нашарлығы) байланысты  12 желтоқсан бастап республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобанының «Тараз-Алматы» бағыты бойынша және облыстық маңызы бар бірқатар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды.

Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен ағымдағы жылдың 13 желтоқсанынан бастап өңірлік жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізуде.

Құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника, 103 адам (ТЖД, әскери қызметшілер) жұмылдырылды.

14 желтоқсан күні сағат 23.00-дегі жағдай бойынша құтқару бөлімшелерімен 1279 адам құтқарылып, эвакуацияланды.  Олар Қордай ауданындағы 6 жылыту пунктіне орналастырылды (Қайнар-1, Алға-1,Қордай-3, Кенен-1).

Әлі де қар құрсауында қалып отырған көліктердің саны нақтылануда.

Қатты жел мен қардың салдарынан Шу ауданында электр желілері үзіліп, тірек тіректері құлады.

Төтенше жағдай салдарынан «Шу Отар» учаскесінде  11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, олардың әрқайсысында орташа есеппен 500-700 адамнан бар. 12 жүк пойызы өз уақытынан кешігуде.

Облыстың 4 ауданының 32 елді мекенінде 8 882 абонент электр қуатынан ажыратылған.

Қазіргі кезде желдің жылдамдығы секундына 45 метрге дейін жетуде.

Алдағы күндері «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес 30 м/с қатты жел ұйытқуы сақталады.

Тұрғындарды тек ресми ақпараттарға сүйенуге, сабырлылық танытуға шақырамыз.

Қалыптасқан жағдайға байланысты облыс бойынша қауырт желі нөмірлері іске қосылды:

8 7262 513575, 51 41 67

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.