Қордай ауданында мәдениет үйі ел игілігіне берілді

0 16

Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылында 180 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Ғимараттың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады.

Ауыл қариялары ақ батасын беріп, ғимараттың лентасын салтанатты түрде қиды.

Айта кетейік, мәдениет үйінің құрылысын «Нұр Тұрсын» ЖШС жүргізген. Жалпы сметалық құны 370 984,0 млн теңгені құраған заманауи ғимаратта ауыл балаларына арналған бес үйірме бөлмесі, кітапхана, кең концерт залы бар.

Алдағы уақытта мәдениет ошағында домбыра, би, вокал сынды үйірмелер ашылып, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану көзделуде.

Жамбыл облысында биыл 17 мәдениет нысанының құрылысын жүргізу мақсатында 3,1 млрд.теңге қарастырылды. Осы жылы 8 ғимараттың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Ал, қалған 9 нысан келер жылға өтпелі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.