Бүгін – наурызнаманың бастауы болып есептелетін Амал мерекесі.
Тарихтан тұлпардың дүбірі қалған Ұлы Дала тебіреніп, табиғат-ана да еміреніп, жан-жағын шуағына малынта, сағынта жеткен қасиетті Амал мерекесі баршамызға құтты болсын!
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында тойланатын Амал мерекесінің халқымыз үшін орны бөлек. Өткен жылдан жаңа жылға есен-сау жеткендігіне шүкір етіп, қытымыр қыстың кері шегініп, жер аяғы кеңіп, жер-дүниенің гүлденіп, ел бұл күні қол алыса жамырай көрісіп, құшақ айқастыра жадырай қауышады.
Тегінде, Амал – елдік, халықтық мейрам. Себебі бұл күні бірлік күшейеді, береке молаяды.