Жамбыл облысында ірі зауыттар салу бойынша түрік инвесторларымен келісімдерге қол жеткізілді

0 7

Жамбыл облысында инвестициялық жобаларды іске асыру туралы келісімге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Анкараға (Түркия) сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек қол қойды.

Сондай-ақ Жамбыл облысында тұқым шаруашылығы және инвестиция тарту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Түркиялық инвесторлар аймақта суару жабдықтарын құрастыратын екі зауыттың құрылысын бастауға дайын.

Инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы тиісті келісімдерге «Ardent Plastik A.S.» және «Atlantis A.S.» түрік компаниялары қол қойды.

Сонымен қатар, форум аясында «TSUAB» тұқым өндірушілер мен өнеркәсіпшілер және «TUKIB» түрік және қазақстандық бизнесмендер қауымдастықтары арасында тұқым шаруашылығы және инвестициялар тарту саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Анықтама:

«Ardent Plastik A.S.» Түркиядағы жетекші компанияның бірі. Жоғары сапалы суару өнімдерін, соның ішінде жаңбырлату жүйелерін, тамшылатып суару құбырларын, пластикалық құбырлардың бірнеше түрін шығарады. Компания 1979 жылы құрылған, өнімдерін 35-тен астам халықаралық нарыққа шығарады.

«Atlantis» компаниясы 1998 жылы Ынтанбұлда құрылған. Ауыл шаруашылығындағы суару, тамшылатып суару жүйелерін, ландшафттық (рекреациялық) суару жүйелерін, ықшамдалған құрылыс жабдықтарын өндіруге және орнатуға маманданған. Сондай-ақ жылыжай құрылымдары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.