Қазақстан көрші елдермен газ транзитін арттырмақ

0 12

 Еліміз арқылы Ресей, Түрікменстан және Өзбекстанның газы тасымалданады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.

«Өткен жылы қазанда Ресей газын Өзбекстан Республикасына транзиттеу басталып, 1,28 млрд текше метр газ тасымалданды. Биыл біз оны 3,8 млрд текше метрге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Кейін тағы да жылына 11 млрд текше метр газ тасымалдауды дейін ұлғайту көзделіп отыр», — деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, министр Ресейдің газын Қырғызстанға тасымалдауды арттыру мәселесі қаралып жатқанын айтты.

«Одан бөлек, түрікмен және өзбек газын Қытай Халық Республикасына транзиттеу тұрақты түрде артып келеді. Биыл газ транзитін 37,1 млрд текше метр дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», — дейді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.