Синоптиктер Қазақстанның екі қаласының тұрғындарына ескерту жасады

0 17

Қазгидромет Қазақстанның екі қаласының тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2024 жылғы 19 шілдеде Атырау және Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.