Жамбыл облысында 65 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

0 6

Жамбыл облысында 65 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ӨКҚ алаңында  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА аталған ведомстваның баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Жаннұр Таскуловтың хабарлауынша, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган үшін қылмыстық қудалауға қарағанда, сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын айқындау мен жоюға бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу және қабылдау басымдық болуы тиіс.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтау сотқа дейінгі тергеп-тексерудің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 113-бабы талаптарына сәйкес, әр қылмыстық іс бойынша алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізуге міндетті, себебі қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтау қылмыстық іс бойынша объективті шешім қабылдау үшін анықтауға жататын мән-жайлардың бірі болып саналады

Бұл аспектіде қылмыстық-процестік заңнамасының мүмкіндіктері кеңінен қолданылады, атап айтқанда ҚПК-нің 200-бабы, оның талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарға міндетті қараталын ұсынулар енгізіледі.

2019 жылғы 7 айында мемлекеттік органдарға 97 ұсынулар енгізді.

Ұсынуларды қарау нәтижелері бойынша 65 лауазымды тұлға  тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ескерту берілгені – 22,  сөгіс жарияланғаны  – 14, қатаң сөгіс алғаны  – 13,   қызметіне сәйкес еместігі ескертілгендері – 3, мемлекеттік функцияларды атқаруынан босатылғандар – 4, қызметінен төмендетілгендер– 5 -еу болса ал 5 адам жұмыстан шығарылған.

Айта кетейік, 2019 жылғы 7 айында еңбек ұжымдарың қатысуымен 1500 астам қызметкерлер қамтылды 30 кездесу  өткізілді, оның шеңберінде 56 ұсыну қаралды, сондай-ақ 55 ұсыну бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.