Парламент мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай Сарысу ауданына іссапармен келді

0 2

Сарысу ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Оtаn» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Дархан Қамзабекұлы Мыңбай іссапарымен келді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Парламенті Мәжілісінің депутаты аудандағы жұмыс сапарын «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-нің танысумен бастады.
Аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей, аудандық мәслихат хатшысы Сағымбек Бегеев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Құдайберген Рысдаулет бастап Парламенті Мәжілісінің депутаты басқа да әлеуметтік нысандарды аралап шықты.
Содан соң аудандық рухани жаңғыру жобалық офисіне келіп, атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, партия аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Оtаn» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Дархан Қамзабекұлы Мыңбай азаматтармен жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында Жаңатас қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев бірқатар әлеуметтік маңызды мәселелерді көтерді.
Атап айтқанда, аудандағы 14 елді-мекенді газдандандыру жұмыстарын, кәріз жүйесін тазалау имараттының құрылысын жүргізу, қала көшелерін жөндеу және қаладағы бос тұрған коммуналдық меншіктегі жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалған үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына қаржы бөлінуіне ықпал жасау туралы өзекті мәселелер көтерілді.

Аталған мәселелердің маңыздылығын ескеріп, Дархан Қамзабекұлы осы көтерілген сұрақтарды қағазға түсіріп, аудандық мәслихат депутаттары тарапынан өзіне жолдауды сұрады.

Қабылдауда болған аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы Тоқтар Жәкел ауданда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде өз ісін бастағысы келетін азаматтар көп екенін, бірақ екінші деңгейлі банктер тарапынан кепілге жылжымайтын мүлікті облыс орталықтарынан, ірі қалалардан сұрайтындығын оған көп адаманың мүмкіндігі жоқ екендігін айта келіп, осы мәселенің оңды шешілуіне көмек беруін сұрады.

Дархан Қамзабекұлы көтерілген мәселенің күрделілігін ескеріп, оны зерделеп, Парламенттің отырысында көтеруге уәде етті.

Сондай-ақ қабылдау барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Олжас Көкей «Дипломмен ауылға» бағдарламасын тек ауылда емес, шағын қалаларда жұмыс істеу тетіктерін қарастыру, аудандық мәслихат хатшысы Сағынбек Бегеев Кеңестік кезеңде Жаңатас қаласы экологиялық аймаққа жатып, сол үшін тұрғындарға арнайы өтемақы төленгенін, көршілес Қызылорда және Түркістан облыстарында әлі күнге осы тәжірибе қолданыста екенін айта келіп, тәжірибені аудан көлемінде қайта жандандыру мәселелерін көтерді.

Бұл мәселелердің барлығы зерделеуді қажет ететінін айтқан Дархан Мыңбай шешілу жолдары қарастырылатындығын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.