Азық- түлік бағасын тұрақтандыру- басты назарда

0 5

Бүгін облыс әкімдігінде аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мәселелері қаралды. Онда өңір басшысына бүгінгі таңда қалыптасып отырған ахуал және оған қатысты атқарылып жатқан шаралар барысы баяндалды, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында бағасы шекті мәннен асып кеткен әлеуметтік маңызы бар тауарлар жайы назарға алынды. Оның ішінде ұн, нан, картоп, сәбіз, пияз тағы басқалар бар. Асқар Исабекұлы аталмыш көкөністердің өңірде жеткілікті деңгейде егіліп отырғандығын алдыға тартып, олардың бағаларының өсуіне ешқандай негіз жоқтығын ескертті. Ол үшін жүйелі шаралар қабылдап, тұрақтандыру қорының жұмысын ширатуды тапсырып, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Айта кетейік, өңір басшысы бұған дейін де нанның бағасын ұстап тұруға қатысты жүйелі шешімдер қабылдау керектігіне көңіл бөліп, солтүстіктен жеткізелетін жоғары сапалы ұнмен қатар, өз облысымызда өсірілетін бидайды да ұтымды ұқсатудың маңыздылығына тоқталған болатын.

Сондай-ақ, бағаны тұрақтандыруда өңірдегі құрылысы жүргізіліп жатқан көтерме-тарату орталықтары мен әлеуметтік дүңгіршектердің санын барынша көбейтудің маңыздылығын атап өткен-ді. Облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев бұл тұрғыда анықтау, талдау шаралары қолға алынғандығын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.