“Nur Otan” партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек еліміздегі өңірлер тынысымен танысуды, жұртшылықпен кездесулерді жалғастырды. Ол екі күн бойы Жамбыл облысының бірқатар елді мекендерін аралады. Жуалы ауданы мен Тараз қаласына барды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
⠀
Елбасының тапсырмасы бойынша, «Nur Otan» алдағы 5 жылға әрбір облыс, аудан және елді мекенді дамытуға арналған ұсыныстар әзірлеп жатыр. 216 аймақтық бағдарламада жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, проблемалар мен қажеттіліктер ғана емес, сонымен бірге, оларды шешудің нақты жолдары да көрсетіледі. Сондықтан Б. Байбек сапарының алғашқы күні азаматтық қоғам өкілдерімен, атап айтқанда, зиялы қауым, жастар, кәсіпкерлер және білім беру қызметкерлерімен кездесті.
⠀
Б. Момышұлы ауылында кәсіпкер әйелдермен бірге ауылда микробизнесті дамыту мәселелерін талқылады. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында өз кәсібін ашқандардың арасында көпбалалы аналар да баршылық. Бүгінде олар өз отбасыларын қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, салық төлеп, сондай-ақ, қоғамдық өмірге де белсене атсалысуда. Б. Қыдырғалиұлы: «Дәл осындай белсенді азаматтық ұстанымы бар әйелдер әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіруі және алдағы партияішілік праймеризге қатысуы тиіс» деп санайды. Партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша, «Nur Otan» алдағы уақытта өз сайлауалды партиялық тізімдері арқылы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға кемінде 30% әйелдердің кандидатурасын ұсынуды жоспарлап отыр.
⠀
Сондай-ақ, сапар барысында Б. Байбек (жоспардан тыс) қуаттылығы 100 МВт болатын «Бурное» күн электр стансасының жұмысымен танысты. Облыс әкімінің айтуынша, жыл соңына дейін облыста баламалы энергияның тағы төрт көзі пайдалануға беріліп, олардың үлесі 17,2% -дан 22% -ға дейін артады.
⠀
P.S. Кезектен тыс конференцияда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.