Архив қызметкерлері бетперде тігіп, таратуда

0 0

Бұл күндері еліміз өте күрделі кезеңді басынан өткеріп жатыр. Күн сайын әлем елдерін аяусыз шабуылдаған індет елімізге де қатер төндіруде. Карантин жағдайында әрбір Қазақстандықты талап етілген шарттарды қатаң сақтауға шақырамыз.

Сабырлық пен ұстамдылық танытып, Денсаулық сақтау Министрлігінің жарияланған ұсыныстар мен кеңестерін мүлтіксіз орындауды сұраймыз.Халқымыз талай қиындықтар мен індеттерді бастан кешкен және жеңе білген.Біз бұл індетті, де бірлігімізбен жеңеміз! «Біз біргеміз» акциясы аясында Мойынқұм ауданының мемлекеттік архиві ұжымының атынан қайырымдылық акциясы жасалды.

Мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, «Біз біргеміз» акциясын қолдап, өз қолдарымен бет перде тігіп тарату жұмыстарын жүргізді, бірқатар аз қамтылған көпбалалы отбасыларға және Мойынқұм ауылы тұрғындарына таратылды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, адамдардың бірі-біріне жасаған қайырымдылығы мен моральдық тұрғыдан қолдауы аса маңызға ие екені белгілі. Денсаулықтарыныз мықты болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.