Қытай көктем мерекесін тойлап жатыр

0 4

Қытай тұрғындары 17 ақпан түні ай күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басталуын білдіретін Көктем мерекесін қарсы алды. Жылқы жылын мерекелеу құрметіне елде тоғыз күндік демалыс басталды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мерекені ресми түрде бастады. Халық жиналыстарының үлкен залында сөз сөйлеген Қытай басшысы елдегі және шетелдегі отандастарын құттықтап, кіріп келген жаңа жылдың ерекше символизмін атап өтті.

Си Цзиньпиннің айтуынша, қытай мәдениетінде жылқы энергияны, күш пен төзімділікті бейнелеп, тұрақты прогресті білдіреді. Қытай төрағасы қытай халқын Жаңа жылда жоғары рухты сақтауға және елді жаңғыртуға сенімді түрде ұмтылуға шақырды.

China Media Group ұйымдастырған үлкен гала-концерт Жаңа жыл қарсаңындағы басты медиа оқиға болды. Шоу 13,5 млрд-тан астам қаралым жинап, тарихи рекорд орнатты. Сахнада халықаралық жұлдыздар өнер көрсетті. Аңызға айналған Джеки Чанмен бірге америкалық Лайонел Ричи мен Джон Ледженд, француз әншісі Элен Роллес және ирландиялық Westlife тобы өз хиттерін орындады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.