Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады

0 3

18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорда.

Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады.

Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Трамп Тоқаев пен Қазақстанды Бейбітшілік кеңесіне шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойғаны хабарланған болатын.

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 млрд доллар жарна төлемейді.

Трамптың Бейбітшілік кеңесі туралы мынау сілтемеден жан-жақты біле аласыз.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.