Жамбыл облысында екі жаңа COVID-2019 оқиғасы тіркелді  

0 0

29 сәуір күні Жамбыл облысында екі жаңа COVID-2019 оқиғасы тіркелді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Науқастардың бірі 1963 жылы туылған Қордай ауданының тұрғыны болып табылады, ол 28 сәуір күні КВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Алынған зертханалық талдаулар оң нәтиже көрсеткен.

1981 жылы туылған екінші науқас Тараз қаласында анықталған. 28 сәуірде ол медициналық мекемеге дене қызуының жоғарылауына қатысты шағымданған. ПТР-ға алынған материалдар оң нәтиже көрсетті.

Екі жағдай бойынша барлығы 11 байланыста болған тұлға анықталған, оларды карантиндік стационарға оқшаулау, талдаулар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ошақтарда індетке қарсы қажетті өңдеу шаралары атқарылды.

Жалпы 29 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 113 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 53, Байзақ ауданында – 4, Жамбыл ауданында – 4, Қордай ауданында – 35, Меркі ауданында – 3, Мойынқұм және Шу аудандарында – біреуден. Сондай-ақ, Дели — Тараз рейсі жолаушылары арасынан алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген қызметкерлерден алты оқиға анықталған.

Барлық дерт жұқтырғандардың 43-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.