Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырмасымен композитор, дирижер, Қазақ КСРО Халық әртісі, халық қаһарманы НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВТІҢ 95 жылдығы мен шығармашылыған насихаттауға арналған «Өз елім» атты республикалық онлайн конкурсы өтті , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Сайыс екі номинация бойынша өтті: «Вокал» және «Күй тарту».
«Вокал» номинациясына қазылық еткендер: Мәдениет саласының үзді, облыстық филармонияның эстрада жанрының көркемдік жетекшісі Әріпбай Мұсапанов, Мәдениет саласының үздігі, әнші, облыстық филармонияның музыкалық жетекшісі Назима Үсенова, Мәдениет саласының үздігі, әнші, композитор, облыстық филармония директорының орынбасары Жандос Омаров болды.
Өнерпаздар өнері жолданған видеолары арқылы жас ерекшеліктері 4 сатыға бөлініп бағаланды. Яғни кіші топта — 5 өнерпаз, орта тота – 7 өнерпаз, үлкен топта – 7 өнерпаз, ересек топта – 5 өнерпаз болды.
Конкурсқа Тараз, Жамбыл облысының Байзақ, Шу, Сарысу, Жуалы, Т.Рысқұлов аудандары, Меркі, Жаңатас қаласы, Шымкент, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облысынан барлығы 24 өнерпаз қатысып «Бас жүлде» және «І, ІІ, ІІІ орын» дипломдары берілсе, ал жетекшілерге «Алғыс хаттар» қашықтан жолданды.
«Күй тарту» номинациясы бойынша қазылық еткендер: қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, республикалық конкурстардың лауреаты, күйші, композитор Дулат Байзілдаев, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «Халық аспаптары» кафедрасының меңгерушісі, оркестр әртісі Төрехан Көрпебаев, республикалық конкурстардың лауреаты, оркестр әртісі Дидар Басықараев болды.
Өнерпаздар өнері жолданған видеолары арқылы жас ерекшеліктері 4 сатыға бөлініп бағаланды. Яғни кіші топта — 12 өнерпаз, орта тота – 9 өнерпаз, үлкен топта – 5 өнерпаз, ересек топта – 4 өнерпаз болды.
Конкурсқа Тараз, Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл, Сарысу, Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарынан, Жаңатас қаласы, Батыс Қазақстан, Байқоңыр, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қалаларынан барлығы 30 өнерпаз қатысып, «Бас жүлде» және «І, ІІ, ІІІ орын» дипломдары, жетекшілерге «Алғыс хаттар» қашықтан жолданды.