Қордай ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 4 жоба жүзеге асырылады

0 0

Қордай ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында Қордай ауданының әкімі  Рүстем  Дәулет айтты, – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Жергілікті қамтуды абаттандыруға бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы» аясында жалпы құны 66,4 миллион теңгеге 4 жоба мақұлданды. Жалпы құны 240, 0 млн.теңгеге 2 жоба қаралуда және 835,0 млн. теңгенің 5 жобаға құжаттар жинақталуда.

Есепті кезеңде аудандағы 35 ШОБ субъектілеріне 151,3 млн. теңгеге шағын несие берілді. ШОБ бойынша 12765 адам жұмыспен қамтылған. Өнім мен қызмет көлемі биыл 7,1 млн. теңгені құрап, 6,3 пайызға артты.
Жыл басынан «Бизнестің жол картасы» аясында субсидиялау тетігі бойынша жалпы 59,3 млн. теңгеге 3 жоба және кепілдендіру тетігімен 135,0 млн. тенгеге 4 жоба мақұлданды.

Бизнес субъектілері бастамаларын іске асыру үшін 30 адамға 15,9 млн. теңгеге қайтарымсыз мемлекеттік грант (200 АЕК-552,2 мың теңгеден) алынды.
Елдің экономикалық өсуін анықтайтын басты фактор — жоғары инвестициялық белсенділік. Қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 602,5 млн. теңге. (149,1 пайыз), оның ішінде: бюджет есебінен – 1649,6 млн.тг өзіндік қаражат есебінен – 4371, 9 млн. тг.Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2025 жылға дейін 48,7 млрд.теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда («Монтерро Казахстан» ЖШС — 45,0 млрд. тг, «Віо VET» ЖШС -2,0 млрд. тг, «Алатау Корда й» ЖШС – 1,7 млрд. тг).
2020 жылы ірі жобалар: «Азия сад» ЖШС (886 млн.теңге) үдемелі бақ, «Абдирманов» ЖК қойма құрылысы (118,9 млн.теңге), «Жаңатұрмыс бірлік» АШК (59,9 млн. теңге, техника сатып алу).

Leave A Reply

Your email address will not be published.