Қордай ауданында 18 кооператив құрылған

0 4

Қордай ауданында 18 кооператив құрылған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында Қордай ауданының әкімі  Рүстем  Дәулет айтты, – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бүгінде ауылшаруашылық саласы – Қордай ауданының экономикасын алға сүйреуші салалардың біріне айналды. Бұл салаға жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар аясында қомақты қаржы бөлініп, ауыл экономикасы мен тұрғындардың әлеуметтік тұрмысы айтарлықтай даму үстінде. Алдағы уақытта жақсы нәтижелер күтілуде.

Ауданда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылдың 1 маусымына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі болжамды – 8310,1 млн. теңгені құрайды немесе нақты индекс көлемі 107,5%. Сонымен қатар, Үдемелді бақ 63 гектарға ұлғайып, аумағы 131 гектарға жетті. Сондай-ақ, 1,7 мың гектарға жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұдан бөлек өткен жылы аудан аумағында 7 кооператив құрылып, жалпы саны 18-ге жетті.

Айта кететіні, бүгінгі таңда өнеркәсіп саласында жұмыс атқарып жүрген кәсіпорындардың тағы бір жетістігі өндірген өнімдерін шет елдерге экспортқа шығаруында. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 5 айында аудан бойынша 32 тонна қой еті және 12,5 тонна сиыр еті экспортталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.