Қордай ауданындағы бүлдіршіндер мектепке дейінгі білім мекемелерімен 100 пайыз қамтылған

0 0

Қордай ауданындағы бүлдіршіндер мектепке дейінгі білім мекемелерімен 100 пайыз қамтылған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында Қордай ауданының әкімі  Рүстем  Дәулет айтты, – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

«Еңбек» бағдарламасымен 1746 адам қамтылып, 2558 адам жұмысқа орналастырылды. Есепті кезеңге ауданда 1958 жаңа жұмыс орны ашылса, оның 1429 тұрақты (73 пайыз). Орташа айлық жалақысы 137 мың теңгеден 146 мыңға артты.824 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Аудан тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында 150 адамға 575,2 млн.теңгенің несиесі бөлінді.Ал, жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайызды құрады.
Қордай ауданында жыл сайын білім саласын қаржыландыру жағы көбейтіліп, балалардың жақсы білім алуына жан-жақты жағдай жасау жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жалпы ауданда 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту үлесі 100 пайызға жетті. Қазіргі таңда 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Атап айтсақ, Масаншыда 600 орындық, Күнбатыс-2 ауылында 150 орындық, Қалғұты 180 орындық. Соның нәтижесінде Қалғұтыдағы 1 апатты мектептің мәселесі шешілшмек. 2020 жылы апатты мектер мәселесі толық шешімін таппақ.

Еліміздің ең асыл қазынасы — адам мен дені сау ұлт. Сондықтан да мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі — денсаулық сақтау саласы. Соңғы жылдары ауданымызда әлеуметтік нысандар көптеп ашылып, халық қуанышқа бөленуде. Бастапқы медициналық нысандармен қамтылмаған 41 елді мекенде 2 жылда 10 нысан салынып, мәселе 100 пайызға шешімін тапты. (2020 жылы – 2 нысан). Халықтың 95 пайызының электрондық денсаулық паспорттары жасалынған.
Ауданда соңғы жылдары спорт саласында айтарлықтай жұмыстар атқарылып, спорт нысандарның қатары көбейіп келеді.Қазіргі таңда ауданда 311 спорт нысаны бар десек, жыл соңына дейін 7 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Спортпен шұғылданатын халық саны 30,8 пайызды (45,5 мың) құрайды.
«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында 1 жоба іске асырылуда. Ол – Қордай ауылындағы күрес залы. Сондай-ақ, бұл орайда 54 іс шара өткізіліп, онда 17500 адам қамтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.