М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өңірден шыққан атақты спорт саңлақтарымен кездесті , — деп хабарлайды «ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
⠀

Бердібек Сапарбаев чемпиондарға өздерінің қажырлы еңбектерімен өңіріміздің атын асқақтатып жүргендігі үшін үлкен алғысын білдірді.
⠀
Жамбылдықтар бірнеше рет Олимпиада чемпиондары атанды. Жеңімпаздардың арқасында Туымыз жоғары көтеріліп, Әнұранымыз бүкіл әлемге шырқалады. Әрине, бұл спортшылардың да, жаттықтырушылардың да қажырлы еңбегінің нәтижесі. Сіздер өз жетістіктеріңіз арқылы жастарды ынталандырып, олар үшін үлгі боласыздар. Өз кезегінде, ел басшылығы да қазақстандық спортты дамыту үшін барлық мүмкіндікті жасауда, — деді облыс әкімі.
⠀
