Жамбыл облысында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының аумақтық кезеңнің жеңімпазы анықталды

0 2

Жергілікті байқау комиссияның шешімі бойынша Т.Рысқұлов ауданының Абай ауылдық округінің әкімі Арыстамбеков Мұратбек Дакенұлы облыстың үздік ауыл әкімі атанды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Енді Мұратбек Дакенұлы Нұр-Сұлтан қаласында республикалық деңгейдегі байқауда Жамбыл облысының намысын қорғайтын болады.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және жергілікті маңызы бар мәселелерді тиімді шешуге үлес қосқан, жұмыста жоғары практикалық нәтижелерге жеткен үздік ауыл әкімдерін анықтауға және көтермелеуге бағытталған «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы жарияланған.

Байқауға қатысқан 11 үміткерлердің арасынан тек 8-і бірінші кезеңнен өтіп, әңгімелесуге жолдама алған.

Әңгімелесу барысында өңірлік комиссия үміткерлердің сауалнамалық деректерін, «Үздік ауыл әкімі» атағына мен неге лайықпын» эссе тақырыбының ашылуын, жеке жобалық жұмыстағы ұсыныстардың креативтілігін, мемлекеттік марапаттар мен жарияланымдардың, ғылыми атақтар мен дәрежелердің болуын, мемлекеттік қызметші әдебін сақтау бойынша әдеп жөніндегі уәкіл жүргізген және жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін және елді мекен тұрғындары арасында онлайн-дауыс беру сауалнама қорытындыларын назарға алды.

Өңірлік комиссияның шешімімен бірінші кезеңнің барлық қатысушыларының ішінен республикалық кезеңге Т.Рысқұлов ауданның Абай ауылдық округінің әкімі Арыстамбеков Мұратбек Дакенұлы ұсынылды.

Мұратбек Дакенұлы 1965 жылы Луговой ауданы Абай ауылдық округінде дүниеге келген. Еңбек жолын мұғалім болып бастап, онда директорға дейін жұмыс атқарған. 1999 жылы мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын төменгі сатыдан бастап, 2010 жылы Луговой ауылдық округінің әкімі, ал 2017 жылы Абай ауылының әкімі болған.

М.Арыстамбековтың ауылда қызмет атқарған жылдары ауылда жолдар жөндеу жұмыстары жүргізілді, электрмен жабдықтау жүйелері жаңартылды, бірқатар әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өтті, артезиан ұңғымалары орнатылды, ауыл шаруашылығын дамыту жобалары сәтті аяқталды. Ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту және бизнесті дамыту бойынша жобаларды іске асыруды аяқтау жоспарлануда.

Короновирус пандемиясына байланысты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қашықтықтан жұмыс жасау режиміне көшірілді. Абай ауылдық амбулаториясы 1200 адамға медициналық көмек көрсетіп, науқастарға 920000 мың теңгенің дәрі-дәрмектері берілді. Сонымен қатар, әлеуметтік қолдауға зәру азаматтарға қаржылай көмек көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.